Әлеуметтік салаға қаржы көп бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік салаға қаржы көп бөлінеді

13.10.2017

2018 жылы әлеуметтік саланы қаржыландыруға республикалық бюджеттің 44,5 пайызы жұмсалады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының фракциясында өткен жиында айтылды. Ел қалаулылары, депутаттар корпусы атынан 2018-2020 жылдарға бағытталған республикалық бюджет туралы заңға 115 түзету енгізген.

Олар халықты ауызсумен қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын салуға көптеп қаржы бөлуді ұсынған. «Бұл қадамдар - халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру үшін жасалып отыр», - дейді депутаттар.

Сондай-ақ, жұмыс тобының отырысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды міндеттемелерін қаржылық қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылды. 

 Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

 - Сайлауалды бағдарламаның түпкілікті мақсаты ел азаматының әлеуметтік игілігі. Халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты міндеттемелердің орындалуы, оның қаржылық қамтамасыз етілуі фракция мүшелерінің назарында.

 

Хабарламаларға жазылу