Доллар бағамының көтерілуіне байланысты іскер топ өкілдерінің пікірлері жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар бағамының көтерілуіне байланысты іскер топ өкілдерінің пікірлері жарияланды

12.02.2014
Доллар бағамының көтерілуіне байланысты іскер топ өкілдерінің пікірлері жарияланды
«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің бүгінгі санында доллар бағамының көтерілуіне байланысты еліміздің іскер  топ өкілдері өз пікірлерін білдірді. 
 
«Біздің ұжым үшін бұл жағдай - өте қолайлы. Шығарылған өнімдеріміздің 70 пайызы шетелге экспортталады. Сондықтан, біздің ұтарымыз көп», дейді  «Қайнар-АКБ» ЖШС директоры Серік Әжмағанбетов.
 
Елімізге белгілі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы басшылығының айтуынша, доллар бағамының өсуі мұндағы қызметкерлер үшін де қолайлы болмақ. 
 
Павлодардағы «Рубиком» ЖШС директоры Ирина Турыгинаның айтуынша, теңге курсының құбылуы - отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, экспорттық тауар шығарушылардың да өндіріс көлемін көбейтуге септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу