Бір топ оқушы қайыққа отырып, Ертісті бойлай жүзіп өтті. Әуелі Шығыстың Шіліктісі мен Берел қорғандарын аралаған балалар, енді шаһардың шырайлы жерлерін көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған слетке өңірлік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйытқы болды. Шараға барлығы 100-ден аса оқушы қатысты. Мақсат – өскелең ұрпақты туған жерімен таныстырып, отансүйгіштікке баулу. Туристік жорық барысында жас өлкетанушылар материалдар жинақтап, оларды ғылыми жобаларына қазық етпек.
Нұрсұлтан Қабдығани, жас өлкетанушы:
- Осы Шығыс Қазақстан аймағының табиғаты өте ерекше. Шіліктіден бастау алып, Катон-Қарағай табиғатына ұласатын Өскемен табиғаты өте тамаша. Осындай Қазақстан мемлекеті оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында туғаныма өте қуаныштымын.
Зарина ҰЛЫҚБЕК