Агроөнеркәсіптің аумағы кеңімек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агроөнеркәсіптің аумағы кеңімек

12.02.2014
Агроөнеркәсіптің аумағы кеңімек
  Жамбыл облысында аграрлық саланы өркендетуге байланысты тың  бастамалар қолға алынғалы жатыр. Ірі жобаның бірі Шу ауданында жүзеге аспақшы.
 
10 мың гектардан астам алқапта бау-бақша мен көкөніс өсірілетін болады.  Аймақ бақша кластерін дамытуға аса қолайлы, ағын су жеткілікті. Оның үстіне аудан тоғыз жолдың торабында. Өсірілген өнімді тасымалдауға, саудалауға қолайлы.
 
Инвесторлар ұсынған тағы бір жоба - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының бойында шағын отбасылық фермалар ашу ісі. Халықаралық дәліз болып отырған күре жол бойында жылыжайдан  және төрт түліктен алынған өнімді саудалауға болады.
 
Соның арқасында біраз адам жұмысты болады. Еңбек етіп пайда табады.  Жол бойына орналасатын фермаларды  инвесторлар  салып береді.
 
Барлықжан Нүкенов, инвестор:
Ірі қараны бордақылап,  сиыр сүтін сатып отырса, оның жылдық пайдасы 100 мың долларға дейін жетеді. 

Хабарламаларға жазылу