Соңғы екі жылда елімізде жетім балаларға арналған мекемелердің саны 48-ге қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы екі жылда елімізде жетім балаларға арналған мекемелердің саны 48-ге қысқарды

12.10.2017

Осы жылдар аралығында 4 мыңнан астам жетім бала отбасылы өмірмен қауышқан. Олардың басым бөлігі өз ата-аналарының қамқорлығына қайтадан алыныпты. Қазір еліміз бойынша 27 мың жетім бала тіркелген.  Олар 140-тан астам мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Бұл жайында «Әлеуметтік жетімдікті жоюдың заманауи тәсілдері» тақырыбында өткен баспасөз  жиынында айтылды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсайыновтың айтуынша, Қазақстанда жылына 900-ден астам ерлі-зайыпты ата-аналық құқығынан айырылады. Кесірінен, үш мыңға жуық бала жетімдер үйін паналайды. Бұл мұндай жағдайларды болдырмауға бағытталған әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіруді талап етеді, - дейді мамандар.

Ержан Ерсайынов, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:  

- Бүгінгі таңда бала асырап алу мәселесінде заңды түрде бекітуді қажет ететін маңызды сұрақтардың бірі бала асырап алғысы келетін ата-аналардың арнайы дайындықтан өтуі.

Мұндай құқықтық және ұйымдастырушылық механизмнің қалыптасуы мен психологиялық-педагогикалық қолдау ата-аналарға ауадай қажет.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу