Астананы азық-түлікпен қамту жобасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананы азық-түлікпен қамту жобасы қабылданды

11.10.2017

Үкіметтің селекторлық отырысында Астананың азық-түлік белдеуі бойынша Жол картасының жобасы қабылданды. Елорда халқының саны қазірде 1 миллионнан асқан. Осынша тұрғынға қажетті азық-түлік көлемі 617 мың тонна шамасында. Осыған орай, қаладан 300 шақырым радиустағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары астаналықтардың сұранысына қарай жұмыс істемекші. Бұл мақсатта Ақмола облысының 17 ауданы, Қарағанды облысының 4 ауданы бойынша нақты жұмыстар бекітілді. Жол картасында қандай дақылдар және қанша көлемде егілетіні де  көрсетілген. 

Асқар Мырзахметов, ҚР Вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Екінші мәселе, 40-тан астам қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін ескере отырып, соларды толық көтеру үшін нақты шаралар қаралып отыр. Қаржы мәселесі шешілген. Жол картасын қабылдауға болады деп есептеймін.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу