Астананы азық-түлікпен қамту жобасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананы азық-түлікпен қамту жобасы қабылданды

10.10.2017

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Астананың азық-түлік белдеуі бойынша Жол картасының жобасы қабылданды. Елорда халқының саны қазірде 1 миллионнан асқан. Осынша тұрғынға қажетті азық-түлік көлемі 617 мың тоннадан асады деп көрсетілген. Осыған орай қаладан 300 шақырым радиустағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары астаналықтардың сұранысына қарай жұмыс істемекші. Бұл мақсатта Ақмола облысының 17 ауданы, Қарағанды облысының 4 ауданы бойынша нақты жұмыстар бекітілді. Жол картасында қандай дақылдар және қанша көлемде егелетіні де  көрсетілген. 

Асқар Мырзахметов, ҚР Вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Екінші мәселе, 40-тан астам қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін ескере отырып, соларды толық көтеру үшін нақты шаралардың барлығы осында қаралып отыр. Ендігіде қаржы мәселесі жан-жақты қаралған, шешілген. Жол картасын қабылдауға болады деп есептеймін.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу