Өндірісі өркендеген шаруашылық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндірісі өркендеген шаруашылық

10.10.2017

«Президент көздеген жұмыстардың барлығы уақытында және барынша тиімді жүзеге асуы үшін әрбір азамат атсалысуы керек». Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко осылай дейді. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған бір топ депутат Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасының тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда ең заманауи технологиялардың арқасында өндіріс өркендеп, 500-ден астам адам нәпақасын тауып жүр. Еңбек өнімділігі 1 адамға 11 миллион теңгеге жуық. Осындағы үш ауыл тұрғындарына қала тұрмысына мейлінше жақын қолайлы жағдай жасалған. Тұтынушыларға қоспасыз өнімдер ұсынып, технологиялық талаптарды қатаң бақылайды. Депутаттар «өзгенікін зор, өзіміздікін қор» көрмей, отандық өнеркәсіпті дамытуымыз керек» дейді. Өйткені, бизнес арқылы кәсіпорынды дамытудың стратегиялық бағдарламасы - болашақтың жарқын кілті. 

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Елбасы ауыл шаруашылығы саласына үнемі үлкен көңіл бөліп келеді. Елімізде қазіргі  жанашыр азаматтардың туған жеріне қамқорлық танытып, мектептер, балабақшалар салып жатқанын көріп жатырмыз. Біз осындай игі шараларды жалғастыра беруіміз керек, сол кезде осындай шаруашылықтардың саны көбеймек.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу