Ресейдің Владимир облысында апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Владимир облысында апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды

10.10.2017

Покров станциясы маңында 17 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүруде. Ресейдің Мещанск аудандық соты апаттан аман қалған Қазақстан азаматы Нұрғали Сармановты 6 желтоқсанға дейін қамауда ұстауға шешім шығарған. Тергеу-тексеру жұмыстары аяқталған соң, сот үкіміне сай, жүргізуші жауапкершілікке тартылмақ.

Хабарламаларға жазылу