Бас прокуратураның «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы елдің әр түкпірінде нәтижесін беріп келеді. Мәселен, Алматы облысының Райымбек ауданында мал ұрлығына қарсы жол картасы іске асты. Өйткені, бұл аудандағы қылмыстың осы түрі көбейген. Алайда, жоба қолға алынғалы бері ұрлыққа біршама тосқауыл қойылды. Биыл сегіз айдың ішінде мал ұрлығы 71-ден 23 процентке азайған. Яғни, 67,6 пайызға төмендеді.
Талғат Төлегенов, Райымбек ауданы прокурорының орынбасары:
- Мал ұрлығына байланысты жобаның жол картасы болған. Соның аясында қазір жұмыстар жасалып жатыр. Сонымен қатар, қазір аудандағы халықтарға да түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде өздерінің малдарына және де басқа заттарына қарап отыру үшін бейнекамералар орнатылды, базар иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мирас МҰҚАШ