Бюджеттен бөлінген қаржыға еліміздің емдеу мекемелері үшін дәрі-дәрмек сатып алумен айналысатын мекеме «СК-Фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин қамауға алынды. Бұл мәліметті серіктестіктің баспасөз қызметі растады. Алдын-ала таратылған деректер бойынша, бұл іс 2015 жылғы дәрілерді сатып алу мәселесіне қатысты болуы мүмкін деген болжам жасалынған. Қазіргі уақытта істі нақтылау бағытындағы тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ