Астанада «Bolashak Books» жобасы іске қосылды. «Болашақ» қауымдастығы мұрындық болған бастама қалың бұқараның кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Енді кез келген қала тұрғыны ірі сауда орталықтарында тұрған арнайы сөреге келіп, оқыған кітаптарын өткізіп, өзі қалаған оқулықты алуға мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар Астанада бастау алған жоба болашақта республика көлемінде қолдау табатынына сенімді. Қазірдің өзінде қорға 1500-нан астам кітап түскен.
Бақтияр Мәкен, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
- Оқырмандар өздері оқып тастаған 5-6 кітаптарын әкеп жатыр. Сондықтан да мен арнайы өзім жақсы көретін кітабым «Абай жолын» тапсырамын. Сондықтан да Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы халыққа үлкен бір насихат беріп, өскелең ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар жақсы жоба деп ойлаймын.
Елдос САПАРҒАЛИ