Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті. Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры, ERG компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Сыртқы істер министрі қатысты. Елбасы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының мәртебесі ерекше екенін айтты. Сонымен қатар, Президент мемлекетаралық диалогты нығайту мәселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.
Индира БЕГАЙДАР