Теңгенің құны төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің құны төмендеді

11.02.2014
Теңгенің құны төмендеді
 
Теңгенің құны төмендеп, долларды сатып алу бағамы өсіп кетті. Бұл туралы ақпарат бүгін Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес Ұлттық банк доллардың курсын 155 теңгемен сақтап тұрудан бас тартқан. Болжамдарға қарағанда, бір доллардың құны шамамен, 185 теңге төңірегінде тұрақтауы мүмкін.
 
Ал Ұлттық банк бұған дейін қаржылық операцияларды өзіміздің теңгемен жүргізуге бірнеше рет кеңес берген болатын. Сондай-ақ, жаңа 20 мың теңгелік банкнотты шығарып, оны айналымға жібермей келген. Елдегі қаржылық жағдайдың қалай қалыптасатыны туралы алдағы хабарларда тарқатып айтамыз.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу