ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасымен бір ғана Манчестерге оқуға түскен жастардың саны жүзге жуық. Сондықтан, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов жаңа қызметіне келгелі алғашқы студенттермен кездесуін осы жерде өткізді. Одан кейін Манчестер қаласының лорд-мэрі Эдди Ньюманмен кездесіп, екі елдің бизнес орталықтары - Алматы- Манчестер арасында байланыс орнату жайын сөз етті.
Әйгерім АҒЫЛТАЕВА