Жазаны тағайындау шараларын ауыстыру, айыппұл салу сынды сот материалдарының саны 28 пайызға өскен. Мәселен, жыл басынан бері соттардың іс жүргізуіне 55 мыңнан астам осындай санаттағы құжат түскен. Олардың дені өтелмеген жазаның бөлігін жеңіл түріне ауыстыру, тағайындалған жаза мерзімін қысқартуға қатысты.
Бұл жайында Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мәлімдеді. Жаңа заңнама бойынша соттар айыппұл секілді жаза түрін белсенді тағайындай бастаған. Биыл жалпы қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың 12 пайызы айыппұл төлеген.
Мұндай үкімдер бойынша өндірілген айыппұл көлемі 609 миллион теңгеге жеткен. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағайындалған айыппұл 470 миллион теңгеден асты. Мамандар Жоғарғы сот бекітіп 2015 жылдан бері күшіне енген нормативтік қаулы осындай оң нәтиже көрсетіп отыр дейді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ