Сот реформасы жемісін беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот реформасы жемісін беруде

05.10.2017

Қылмыстық заңнама бойынша жүргізілген соңғы реформа сотқа келіп түсетін материалдардың санын арттырды. Жазаны тағайындау шараларын ауыстыру, айыппұл салу  сынды сот материалдарының саны 28 пайызға өскен.

Мәселен, жыл басынан бері соттардың іс жүргізуіне 55 мыңнан астам осындай санаттағы құжат түскен. Олардың дені өтелмеген жазаның бөлігін жеңіл түріне ауыстыру, тағайындалған жаза мерзімін қысқартуға қатысты. Бұл жайында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мәлімдеді. 

Жаңа заңнама бойынша соттар айыппұл секілді жаза түрін белсенді тағайындай бастаған.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу