«Қазақстан әлемдік цифрлы даму көшінен қалыспауы керек». «Astana Media Week» аясында өтіп жатқан «Digital Forum»-да сөз сөйлеген Ақпарат және коммуникациялар министрі осылай деді.
«Қазір цифрлы дамытуға мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Ауыл-аймақтарды интернетпен қамту бағдарламасы да жоспарлы жүзеге асырылуда.
Енді кез келген саланың маманы, барлық тұрғындар сол берілген мүмкіндікті пайдаланып, өздерін заман көшімен бірге дамыту керек», - деді министр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ