Еңбек күні қарсаңында Алматы облысында жетістікке жеткен азаматтарға құрмет көрсетілді

05.10.2017

Еңбек күні қарсаңында Алматы облысында жылдар бойы  тер төгіп, белгілі бір жетістікке жеткен азаматтарға құрмет көрсетілді. Облыс аумағында «Еңбек жолы» байқауы ұйымдастырылды.

«Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас жұмыскері» сынды аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. 

Жалпы, Жетісу өңірі тарихта есімі алтын әріппен жазылған еңбек адамдарын бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп келеді. Олардың қатарында социалистік еңбек ерлері Нұрмолда Алдабергенов, Николай Головацкий, Жолсейіт Молдасанов пен Зылиха Тамшыбаевалар бар. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу