Бүгін Астана қалалық әкімдігінде діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу шараларын дамыту жолдары сараланды. Жиында теріс ағымның жетегінде кеткен азаматтарға қол ұшын созып, қоғамға оралту мәселелері қызу талқыға түсті.
Дін атын желеу етіп, террордың тамырына шырмалған лаңкестер қазір әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіріп отырғаны анық. Бұл ретте бейбіт бағытты ұстанып, халық тыныштығын бірінші орынға қоятын Қазақстан да экстремизммен күресті күшейткен. Астанадағы жиында адасып, шалыс басқандарды оңалту мәселесі терең талқыланды. Айтылған ұтымды ұсыныстар да бар.
Елдос САПАРҒАЛИ