Жыл соңына қарай жанармай бағасы тұрақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына қарай жанармай бағасы тұрақталады

03.10.2017

Жыл соңына қарай жанармай бағасы тұрақтанады. Себебі, бірер айдан соң еліміздің үш мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Барлық зауыттардың толық іске қосылу нәтижесінде АИ-92 бензинін өндіру 2,2 есеге, АИ-95 пен 98 бензиндері 9 және 6 есеге, дизель отыны 30 пайызға, авиаотын 3 есеге артық өндіріледі. Осыдан кейін сырттан тасымалданатын бензин көлемі төмендейді. Шамамен импорт 20 пайыздан аспайды деген болжам бар. Министрдің сөзінше, алғашқы нәтиже осы жылдың соңында байқалады. Ал, бензин бағасының қазіргі деңгейінен төмендеуі екіталай.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу