Астанада басталған «Жаңғыру корпоративті оқыту» жобасына 130-дан астам өтініш келіп түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада басталған «Жаңғыру корпоративті оқыту» жобасына 130-дан астам өтініш келіп түсті

03.10.2017

Онлайн жүйесімен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үміткерлердің арасынан 50 қатысушы іріктеліп, өзара бақ сынаспақ. Бұл жайында «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының  жетекшісі жобаның салтанатты ашылу рәсімінде мәлімдеді. Мемлекеттік қызметкерлер мен  үкіметтік емес ұйымдар және кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған жоба жастарға тегін әрі өз саласына қатысты сапалы білім мен біліктілік жинауға  мүмкіндік береді. Ал, жеңімпаздарды анықтау 17 қазанға дейін созылмақ.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу