Елімізде бір жыл ішінде өз-өзіне қол салмақ болған 103 балғынға уақытылы көмек көрсетіліп, ажалдан аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір жыл ішінде өз-өзіне қол салмақ болған 103 балғынға уақытылы көмек көрсетіліп, ажалдан аман қалды

03.10.2017

Оның 70 пайызы «Көк кит» ойынының шырмауына түскендер. Мұнымен қоса, қатігездікке тап болған 42 бүлдіршін дер кезінде құтқарылса, зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7 балаға психологиялық көмек көрсетілді. Мұның барлығы  -  111 нөмірлі жедел қызмет ұйымының арқасы. Тәулік бойы жұмыс істейтін мекеме бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдерге ақпараттық, психологиялық, заңгерлік көмек бере алады. Ол үшін 30 оператор, әртүрлі саланың 12 маманы қызмет етуде. 8 айда орталыққа 1 млн. 400 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондықтан, кез келген бала Қазақстан аумағында қандай да бір көмекке зәру болса, 111 нөміріне хабарласа алады. Бұл қызмет тегін әрі ақпарат құпия сақталады.  

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу