Пробация қызметі енгізілгелі жұмыссыз жүрген адамдардың саны кеміді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пробация қызметі енгізілгелі жұмыссыз жүрген адамдардың саны кеміді

29.09.2017

Қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметі енгізілгелі жұмыссыз бос жүрген адамдардың саны кеміді. Себебі, бұрын істі болып, шартты түрде сотталғандар жұмыс таппай қиналатын. Мәселен, Алматы облысының Райымбек ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған 83 адам бар. Олар қамаудан босап шықса да, қоғамға қажетті еңбек ете алатын азаматтар. Сондықтан, аудан прокурорлары мен әкімдіктің өкілдері арнайы шараларды қолға алды. Қазір елді мекенде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 14 адам тұрақты жұмысқа да орналасты. Тіпті, кейбіреулері қосымша білім алып, жеке кәсіппен де айналысуға ынталы.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу