«Қарттарым, аман-саумысың?». Астаналық жастар да қарттар үйінде осындай атаумен шара ұйымдастырды. Көнекөз қариялармен емен-жарқын әңгіме құрып, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырды. Келе жатқан Қарттар күні мерекесіне орайластырылған кездесу зейнеткерлердің көңілін аулауға, ал, келер буынға патриоттық тәрбие беріп, ақсақалдардың батасын алуға бағытталған. Әлеуметтік мекеме тұрғындары бүгінгідей кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ