Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бесінші Кеңесі өтті. Табиғи және техногенді апаттарға қарсы күш біріктіріп жұмыс істеу бірнеше жылдан бері қалыптасқан шаруа. Ендігі мақсат - әрі қарай әріптестік байланысты ширата түсу. Кезекті кеңесте тасқын су мен селдің алдын алу үшін ғарыштық мониторинг қызметін пайдалану бойынша келісімдер бекіді. Бұдан бөлек, табиғи қауіп-қатердің алдын алу бойынша жедел ақпарат алмасу қызметін жетілдіре түсу жайы да қаралды. Мысалы, көктемде су тасқыны, жаздың ыстығында өрт қаупі бойынша жедел хабарлама арқылы бірнеше іс-шаралар қабылданған. Нәтижесінде шығын көлемін азайтуға мүмкіндіктер болды. Үш елдің құтқарушылар қызметінің бірлескен Кеңесі өзге көрші елдерге де көмек беруден тосылып қалған емес.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ