Екі аяғы жоқ болып дүниеге келген 9 жастағы Әлидің тағдырына ешқандай өкпесі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі аяғы жоқ болып дүниеге келген 9 жастағы Әлидің тағдырына ешқандай өкпесі жоқ

28.09.2017

Астанада Әли деген ерекше бала тұрады. Ерекшелігі сол туғаннан екі аяғы жоқ. Дәрігерлер 9 жасар Әли Тұрғанбековтің елімізде осындай диагнозбен туған жалғыз бала екенін айтқан. Десе де, ол  мүгедекпін деп мойымайды.

Керісінше, сүрінгенге сүйеу болатын мейірімді де, ақкөңіл бала. Тіпті, әзілқойлығымен де шаңырағын шаттыққа бөлеп отырады екен. Оқуда озат, мектебінің мақтанышы. Жігері жасымаған қайсар баламен тілшіміз танысып қайтты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу