Қостанайда сенаторлар өндіріс орындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда сенаторлар өндіріс орындарын аралады

26.09.2017

Қостанай облысына арнайы жұмыс сапарымен бір топ Сенат депутаты барды. Олар өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесіп, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Аграрлық секторды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысымен танысты.  Сонымен қатар, өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда болып, өндіріс процесін қарап көрді. Ашылғанына 20 жылдан астам уақыт өткен «Милк» серіктестігінде тәулігіне 80 тоннаға жуық сүт өңделеді. Бұл жерден сүт өнімдерінің 60 түрі шығарылады. Ал, Қостанайдағы машина жасау зауытының базасындағы «Агромаш» серіктестігінде жылына 500 комбайн құрастырылады. Бұл еліміздегі техниканың осы түріне деген сұраныстың тең жартысын өтеуге жететін көрсеткіш. Сонымен қатар, мұнда дән сепкіш, тіркемелер тәрізді өзге де ауыл шаруашылығы техникасы жасалады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу