Ертеңнен бастап Астанадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап Астанадағы тұрғын үйлерге жылу беріледі

26.09.2017

Астанадағы тұрғын үйлерге жылу ертеңнен бастап беріле бастайды. Себебі, жылу маусымын бастау қағидасы бойынша сыртқы ауа температурасы орта есеппен +10 градус немесе одан да төмен болғанда ғана жылу беру туралы шешім қабылданады. Алайда, сыртқы ауа температурасының көтерілуімен бұл мерзім түзетілуі мүмкін. Дегенмен, қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени нысандарға  яғни, балабақшаларға, мектептерге және басқа да денсаулық сақтау нысандарына жылу беру процесі басталып кетті.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу