Алдағы уақытта алыс ауылдарға кеңжолақты интернет қызметі жетеді. Бұл дегеніңіз, жылдамдығы жоғары сапалы интернетпен барлық елді мекен түгел қамтылады деген сөз. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асады. Жоба мақсаты - интернетті тек ауылға жеткізу емес, сондағы барлық әлеуметтік нысандарды да толық қамту көзделген. Мектеп, денсаулық сақтау орындары онлайн режимдегі жұмысқа ауысады. Яғни, қағазбастылықты азайтуға үлкен септігін тигізбек.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ