Ішкі істер министрлігі келесі жылдан бастап 6 мың қылмыскерге электронды білезік кигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі келесі жылдан бастап 6 мың қылмыскерге электронды білезік кигізеді

25.09.2017

Бұл туралы ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов айтты. Яғни, қылмыскер шартты түрде сотталады да, оның қайда жүргені электронды білезік арқылы қадағаланады. Жазасын өтеушіні тікелей бақылаудан гөрі бұл экономикалық жағынан тиімді екен. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында бостандыққа шыққан адамдарды әлеуметтік оңалту мәселесі мен пробация қызметі талқыланды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу