Алматыда жалған iPhone смартфондарын жасаумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған iPhone смартфондарын жасаумен айналысқандар ұсталды

25.09.2017

Қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері қаланың «Аэровокзал» сауда орталығының аумағында заңсыз жұмыс істеген цехты анықтады. Тексеріс кезінде 30-дан аса жалған телефон табылды. Кәдімгі «iPhone» смартфондарынан айнымайтын байланыс құралы Қазақстанның басқа өңірлерінде жеке тұлғаларға сатылған. Сондай-ақ, оның орталық әмбебап дүкендерде де сатылғаны белгілі болды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу