42 жастағы ұры сотта қылмысын мойындады. Ол пәтерлерден 582 000 теңге көлемінде қаражатты қолды қылған. Бұдан өзге, қалталы телефон, ноутбук, сөмке, қымбат зергерлік бұйымдар сияқты бағалы заттарды ұрлаған. Құзырлы орган қызметкерлерінің мәліметінше, қылмыскер жәбірленушілердің сеніміне кіру арқылы тақырға отырғызған.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ