Қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

05.02.2014
Қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасап, кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін тапсырған. Алматы қаласының қаржы полицейлері заңсыз тексерістер мен кәсіпкерлікке тосқауыл қоюды доғарады.
 
Бұл туралы шаһардың Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Әмірхан Аманбаев кәсіпкерлермен өткен қоғамдық кеңесте мәлімдеді. Мәселен, қаланың қаржы полициялері 2013 жылы мемлекеттік органдардың орта бизнеске заңсыз тінту жасаған 33 фактіні тіркеді және еш айғақсыз тексеріс жүргізген 2 істі анықтады.
 
Мұндай заңсыздыққа жол бермес үшін енді кәсіпкерлерге шақыру қағаздарын алдын-ала жіберіп, домалақ арыздар бойынша бизнес обьектілерін тексермейді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы екіжақты меморандумға қол қойды.
 
Әмірхан Аманбаев, Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы:
Алматы еліміздің ірі мегаполисі болғандықтан, мұнда кәсіпорындар мен бизнес орталықтар өте көп. Сондықтан бүгінгі қабылданып отырған меморандумның маңызы зор. Біз алдағы уақытта тексерістерді мораторий тәртібінде жалғастырамыз. Ал қосымша сұрақтар мен фактілер бойынша тоқсан сайын жиналыс өткізіп, кәсіпкерлерден жауап аламыз.
 
 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу