Астана іргесіндегі жасыл белдеуге қытайлық мамандар жаңа ағаш түрлерін әкеледі. Екі жыл бұрын ғалымдар сынақ ретінде көршілес елде ғана өсетін бірнеше көшет отырғызған. Ендігі кезекте сол желектердің жергілікті климатқа бейімделгенін аңғарыпты. «Бұл ретте тәжірибе алмасу маңызды», - дейді отандық мамандар. Себебі, қытайлық ғалымдар әйгілі Такламахан шөлін ормандандыру жобасын сәтті жүзеге асырған. Қазірде 78 мың гектарды алып жатқан жасыл белдеуде оннан астам ағаш түрі бар. Болашақта көшет түрлерін қырыққа дейін көтеру жоспарлануда.
Елдос САПАРҒАЛИ