Елімізде жыл сайын оқулық шығаруға бөлінетін қаржы ұлғайғанымен, сапасы көңіл көншітпейді. Бүгін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Ол 2015 жылы оқулық шығару үшін 10 миллиард теңге, 2016 жылы 19 миллиард, ал биыл тіпті 27 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Қаржы 100 пайыз игерілгенімен, кітаптар орфографиялық, стилистикалық қателерге толы.
Индира БЕГАЙДАР