Балқаш қаласының дәрігерлері баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласының дәрігерлері баспаналы болды

20.09.2017

Жаңа пәтерлердің кілті қаланың 80 жылдық мерейтойы күні тапсырылды. Тұрғын үйдің құрылысына қазынадан 67 миллион теңге бөлінген. Небәрі 4 айда жұмыс аяқталып, ел игілігіне берілді. Балқашта дәрігер тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті билік жас мамандарға көптеген көмек түрлерін, жеңілдіктер ұсынып отыр.

Мәселен, қоныс тойын тойлаған 18 дәрігердің барлығы да еліміздің әр өңірінен келген.  Ал, Балқаш билігі келесі жылы тағы 12 пәтер саламыз деп отыр. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу