ОҚО-да үш шенеунік парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да үш шенеунік парамен ұсталды

19.09.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары мен оған қарасты аудандық құрылымның 2 басшысы 6,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, олар 2016 жылдан бері заңды тұлғалардан ақша алып келген. Жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау үшін мемлекеттік сатып алуға бөлінген қазына қаржысының 20-30 пайызын шенеуніктер өз қалталарына басып отырған. Олар осындай жолмен тендер жеңімпаздарынан кемі 3, ең көбі 20 миллион теңгеге дейін сыйақы алып келген. Жемқорлық үстінде қолға түскен қызметкерлер қазір Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысында. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу