Елімізде мешіттердегі тәртіптің бірыңғай ережесі әзірленеді. Себебі, кей діни жоралғылар әр өңірде әртүрлі өткізіледі. Бұл туралы Мәжілісте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстанның діни аудиториясына сыртқы әсерлер күшейгенін айтты.
3 сағаттан астам уақытқа созылған Үкімет сағатында діни сауаттылық, жастардың теріс ағымдағы діндердің жетегінде кетуінің себептері сияқты өзекті мәселелері талқыланды.
Индира БЕГАЙДАР