Алматы облысының Айғаным елді мекенінің тұрғындары Ұлттық арнаға хабарласып, базынасын жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Айғаным елді мекенінің тұрғындары Ұлттық арнаға хабарласып, базынасын жеткізді

18.09.2017

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Айғаным елді мекенінің тұрғындары Ұлттық арнаға хабарласып, базынасын жеткізді. «Ірі мегаполистің іргесінде тұрып жатқанымызға сегіз жылдан асса да, ауылда ауызсу мен жол жоқ», - дейді жұрт. Тіпті, мектеп, емхана сияқты әлеуметтік нысандар да салынбаған. Сондықтан, оқушылар көрші ауылға қатынайды. Ажары қашқан ауылдың түйткілді мәселесін тілшіміз Лаура Қуанышқызы көріп келді.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу