«Қазақавтожол» Қарағанды облыстық филиалының директоры мен орынбасары қамауға алынды. Ғадыл Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров жол құрылысымен айналысатын компания өкілдері М.Ыбышев пен Б.Жақпаровтан 17 млн. теңге пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қомақты қаражат Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілген.
Пара ұсынған компания өкілдері мен «Қазақавтожол» филиалының басшылары қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ