Жамбыл облысында қоныс колониясынан қашқан 6 адам әлі табылған жоқ. «Қылмыскерлер бостандықта жүр», деген ақпарат жергілікті халықты алаңдатып отыр. Колония басшылығы қашқындарды өз күшімен іздестіруде. Бірақ, әзірге нәтиже жоқ. Рұқсатсыз бостандыққа кеткен жазасын өтеушілер аса ауыр қылмыскерлер емес. Ұрлық жасаған немесе алаяқтық әрекеті әшкере болғандар. Кейін олар жақсы тәртібі үшін қоныс колониясына ауыстырылып, жұмысқа да орналастырылған. Онда түрмедегідей қатаң тәртіп пен күзет жоқ. Колониядан қашқандардың енді заңға сәйкес жазасы ауырлай түспек.
Жалғас САҢҒЫЛ