«Сергек» камералары үш түрлі заңбұзушылықты қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сергек» камералары үш түрлі заңбұзушылықты қадағалайды

15.09.2017

«Қырағы көздердің» басты міндеті - ереже бұзғандарды жазалау. Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, әзірге камералар үш түрлі заң бұзушылықты қадағалайды. Олар жылдамдық, «Stop» сызығы және «Bus Lane» жолағына шығу. Әзірге, бас қаланың қос жағалауында мұндай 3 мың камера бар. Жыл соңына дейін олардың саны 13 мыңға жетпек. Ереже бұзылса, онда көлік иесіне СМС хат келеді. Бір апта ішінде айыппұл өтелсе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу