Қазақстанда жасалған агроөнеркәсіп кешені жабдықтарын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жасалған агроөнеркәсіп кешені жабдықтарын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі

13.09.2017

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Аграрлық несие корпорациясы, лизингтік компаниялар қауымдастығы және Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау қауымдастығы арнайы меморандумға қол қойды. Жаңа жоба үлкен компаниялармен қатар, ұсақ шаруашылықтарға да қолжетімді. 5,5 пайыздық мөлшерлемемен 60 айға дейін беріледі. 1 миллион теңгеден бастап, шаруашылық капиталының 25 пайызына дейін алуға болады. Қарызды тек бір жылдан соң ғана өтей бастайсыз. Оған дейінгі жеңілдік мерзімі қарастырылып отыр.

Хабарламаларға жазылу