Диқандарды алаңдатқан мәселе бойынша біз Энергетика министрлігіне хабарластық . Айтуларынша, Павлодар мұнай өңдеу зауыты қыркүйек-қазан айларында жөндеу жұмыстарына байланысты қызметін уақытша тоқтатады. Сол себепті, дизель отыны Шымкент зауытынан бөлінбек. Әрі министрлік өкілдері бұл жанармай аймақтың суығына жарамды деп есептейді.