Ақмола облысының диқандары бірнеше күннен бері алқапқа орақ сала алмай отыр . Себебі, өңірде жауын себелеп тұр. Облыс диқандары бүгінге дейін астықтың 77 пайызын жинап үлгерді. Жаңбырмен қоса, ауа райы да күрт суытты, термометр 10 градустан көтерілмей тұр. Бұған себеп болған циклон қазір Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысуда. «Қазгидромет» мамандары көп ұзамай күн жылиды деп болжайды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН