Саналы ғұмырын радиожурналистиканың дамуына арнаған Үмітжан Балтаева өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саналы ғұмырын радиожурналистиканың дамуына арнаған Үмітжан Балтаева өмірден озды

12.09.2017

Марқұмның қайталанбас ғажап дауысы өзі 40 жылдан аса қызмет еткен Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. 

Үмітжан Сәрсенбайқызы 1949 жылы 10 сәуір күні Қарағанды облысы Нұра ауданы Қызылшілік ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген Үмітжан Балтаева еңбек жолын  Қазақ радиосының «Шалқар» арнасында редактор болып бастады.

Сондай-ақ, Қазақ радиосында редактор, Ақпарат бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Тәулік тынысы» бағдарламасының тікелей эфирдегі алғашқы жүргізушісі әрі жетекшісі болды. Марқұммен бірге қызмет еткен шәкірттері оны үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен үлкен жүректі тұлға, айрықша жан еді, деп еске алады. Сондықтан, оның қазасы барлық алаш жұрты үшін орны толмас өкініш. 

 Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу