Ондағы мақсат кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Ол арқылы кәсіпкерліктің рөлі артып, әрбір азамат туған жерін дамытуға үлес қоса алады. Бұл жайында журналистермен өткен жиында басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.
Акция Қазақстанның 16 өңірінде өтпек. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мәселелер тізбесі құрылып, әрбір көмекке зәру азамат өтінішін қалдыра алады. Соған сәйкес қайырымдылық жасағысы келген кәсіпкер тізбедегі мұқтаждықтармен тез арада танысуына мүмкіндігі бар.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ