Астана қаласының биылғы бюджеті нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының биылғы бюджеті нақтыланды

08.09.2017

Жыл соңына Астанада 6400 бала балабақшаға баруға мүмкіндік алады. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. Қалалық депутаттар бүгін Астананың биылға арналған бюджетін нақтылады. Онда Президенттің жуырда Бурабайда өткен жиынында айтылған тапсырмаларын орындау үшін қосымша қаржы бөлу қаралған.

Мәслихаттың кезектен тыс отырысында бюджеттен бөлек, мемлекет есебіне жер учаскелерін алу тәртібі, сайлау комиссияларының мүшелерін бекіту секілді маңызды шешімдер де қабылданды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу