Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жұмысын жүйелеп, жаңа бағытқа көшуді көздейді. Олар бүгін Астанада бас қосып, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар» атауымен өткен республикалық форумға 150-ден астам адам қатысып жатыр. Басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынатын іс-шаралар жоспары сөз болды. Жиынға салалық, аймақтық кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен қоса, көрші елдерден де мамандар келген.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ